Acton Flow және Petrotas компанияларының негізгі қызметкерлері коуч-менеджменті бойынша оқудан өтті
«Коучинг стиліндегі басқару» тренингі Acton Flow және Petrotas қызметкелреі үшін өтті
29 наурызда Acton Flow және Petrotas компанияларының негізгі қызметкерлері «Коучинг стиліндегі басқару» тренингіне қатысты. Аталмыш шара сертификатталған тренер Аскер Исмукашевтың жетекшілігімен өтті.
Бұл тек лекция емес, қатысушылардың белсенді қатысуымен өткен интерактивті сессия болды, мұнда олар:
- Команданы басқарудың қазіргі заманғы тәсілдерін талқылады;
- Тиімділікті арттыру үшін коучинг техникаларын үйренді;
- Қызметкерлерді ынталандыру және олардың әлеуетін дамыту жолдарын білді;
Коучинг стиліндегі басқару — бұл бақылау емес, адамдар өздерінің ең жақсы қасиеттерін ашып, шешімдер қабылдап, ортақ мақсаттарға жету үшін жұмыс істейтін орта жасау. Аскер Исмукашевке біздің күшімізді арттыратын бағалы білімдері мен практикалық құралдары үшін алғыс айтамыз!